427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық кәсіпкер тұрғындар қатынап жүрген жолды жауып тастады

  • 174
  • UPD: 08:47, 18.09.2020
Оралдық кәсіпкер тұрғындар қатынап жүрген жолды жауып тастады

Оралда тұрғындардың күнделікті қатынап жүрген жолын кәсіпкер жауып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Жергілікті атқарушы орган өкілдері қоршалған жер телімі кәсіпкердің заңды меншігі екенін айтады. Сол аумақтағы тұрғындар енді аялдамаға баруы үшін 2 шақырымдай болатын айналма жолмен жүруі қажет. Ал ол жолдың өзі жекенің меншігіндегі жерді кесіп өтеді. Келеңсіз жағдайға тап болған тұрғындар биліктен мәселені жедел

Жалғас Дүйсенов, қала тұрғыны:

- Қалаға баратын, келетін, балаларды мектепке апаратын жолымыз осы. 20 жылдан бері осы жермен жүріп жүрдік. Жақында мына жерден кәсіпкер жер сатып алған. Енді жауып жатыр.

Жүргіншінің мұңын кім тыңдайды? Бұл мәселе арна тілшілерінің назарында болады. Аталған тақырып бойынша дайындалған бейнематериалды алдағы жаңалықтардың бірінде ұсынатын боламыз.  

Хабар 24 телеарнасы