432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экология министрі қазақстандықтарды сенбілікке қатысуға шақырды

  • 284
  • UPD: 10:48, 18.09.2020
Экология министрі қазақстандықтарды сенбілікке қатысуға шақырды

Жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде «World cleanup Day» акциясы өтеді.

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев twitter парақшасында жазды.

«Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматтарын біріктірді. Қазақстандықтарды сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын.

Ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға сіз де үлес қоса аласыз», - деп жазды министр.

Хабар 24 телеарнасы