427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада COVID-19 қайта өршісе, «103» қызметінің жұмысы қандай болмақ

  • 252
  • UPD: 12:53, 18.09.2020
Елордада COVID-19 қайта өршісе, «103» қызметінің жұмысы қандай болмақ

Жаз маусымында індеттің өршіген кезінде жедел жәрдем қызметіне жүктеме бірнеше есеге артқаны белгілі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустық инфекцияның өршуі қайталанған жағдайда «103» қызметіне түсетін жүктемені азайту бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Осылайша, «103» диспетчерлік пульттерінің саны 14-тен 30-ға дейін ұлғайтылды. Қажет болған жағдайда қоңырауларға қызмет көрсететін жедел жәрдем бригадаларының саны БМСК ұйымдарында 70 бригадаға, жедел жәрдем станциясының деңгейінде 90 бригадаға дейін артады.

Коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарды ЖЖМС деңгейінде госпитализациялау алгоритмі бекітілді.

«Жедел жәрдем станциясының базасында байланыс орталығы ашылды. Яғни, аумақтық емханалардың қызметкерлері тұрғындарға коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша түсініктеме беруге әзір. Осылайша, «103» желісіне жүктеме азайтылады. Сонымен қатар қала тұрғындары жедел жәрдем шақыру үшін Telegram әлеуметтік желісіндегі чат-ботты әрдайым қолдана алады», - деді басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Әлия Рүстемованың айтуынша, ахуал орталығының жұмысы эпидемиологиялық ахуалды бақылау және науқастарды ауруханаға жатқызу, сондай-ақ ресурстарды тиімді бөлу мақсатында медициналық ұйымдардың өзара әрекеттестігі бойынша жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымдастырылған.

Хабар 24 телеарнасы