432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда барлық өңірдегі су сапасын онлайн режимде бақылауға болады

  • 232
  • UPD: 13:03, 18.09.2020
Қазақстанда барлық өңірдегі су сапасын онлайн режимде бақылауға болады Адырна

Қазақстанда жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

«Бүгін Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі», – деп жазды министр өз Twitter парақшасында.

Министрдің сөзінше, жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы өткен жылы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар.

«Барша қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурсымыздың бірі – суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырамын», – деген Мағзұм Мырзағалиев.

Хабар 24 телеарнасы