430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қашықтан оқыту балалардың көздеріне кері әсер етіп жатыр – ата-аналар

  • 200
Қашықтан оқыту балалардың көздеріне кері әсер етіп жатыр – ата-аналар

Семейлік ата-аналар осылай деп дабыл қағуда, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Оқушылардың көру қабілетінің нашарлағанын шаһардағы офтальмологтар да растап отыр. Оның үстіне соңғы кездері дәрігердің қаралуына келетіндердің де саны екі есеге артқан. Мәселен, бұрындары күніне шамамен бес адам дәрігердің көмегіне жүгінсе, қазір бұл көрсеткіш 20-ға жеткен.

Рузия Сәмиғұлова, балалар офтальмолог дәрігері:

– Қашықтан оқыту кезінде көзде үлкен визуалды жүктемелер пайда болады. Әсіресе гаджеттердің жақын болуы балалардың өсіп келе жатқан жанарларына өте қауіпті. Соңғы кездері біздің клиникаға келушілердің саны біршама артқанын байқадық. Біз науқастарға көзге әркез гимнастика жасап, көшеде көбірек серуендеу керек екенін айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы