427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет  

  • 219
  • UPD: 15:20, 18.09.2020
ДДСҰ: Дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық қауымдастықты індет кезінде дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымның мәліметінше, өзгелермен салыстырғанда медициналық қызметкерлер коронавируспен жиі ауырады екен. Сондай-ақ олардың туыстарына да жұқтыру қаупі жоғары. Әлем бойынша індеттен мыңдаған медқызмкетер көз жұмды.    

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Науқастарды емдеу үшін ең алдымен дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Пандемияға байланысты бәріміз денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің атқарып жүрген маңызды еңбегіне назар аудардық. Олар адам өмірін сақтап, аурудың азабын жеңілдетеді. Бүгінде коронавирусты жұқтырғандардың шамамен 14 проценті – медицина қызметкерлері. Кейбір елде бұл көрсеткіш 35 процентке жеткен.

Хабар 24 телеарнасы