429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

  • 777
  • UPD: 15:56, 18.09.2020
Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінен 1,2 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Аягөз ауданының Аягөз қаласы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібіне сәйкес ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған.

Хабар 24 телеарнасы