427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Tengri Bank салымшыларының ақшасы қайтарылады

  • 339
  • UPD: 17:33, 18.09.2020
Tengri Bank салымшыларының ақшасы қайтарылады

Tengri Bank салымшылары ақшасын қайтарып ала алады.

Қазақстанның қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі осылай деп хабарлайды.

Өтемақы ұлттық валютада төленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның шекті сомасы мынадай. Теңгемен сақталған жинақ салымынан 15 миллионға дейінгі сома қайтарылады. Ал қаржысын Ұлттық валютада депозитте сақтағандардың 10 миллион теңгесі өтеледі. Шетел валютасымен ашылған депозит сомасы дәл бүгінгі курспен есептеліп, 5 миллион теңгесі ғана қайтарылады. Ал аталған сомадан артық ақшаңыз болса, оны банктің тарату комиссиясы өтейді. Бірақ бұл процесс банктің кредиторлары тізілімінің талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін іске асады.

Дихан Аманжолов, Tengri Bank салымшысы:

- Әкем бірнеше жылдан бері осы банктің салымшысы. Биыл мен де қолда бар ақшамды осында сақтай бастадым. Бірақ ақпан айында қаржы айналымдарының операциялары кідіріспен жұмыс істеді. Наурызда карантин шектеулерін сылтауратып, жеке тұлғаларға салым бойынша мүлде қызмет көрсетпей қойды. «Кейін Үндістаннан инвестиция келеді, қаржы болады» деп сендірді. Банктің орталық кеңсесіне де, Ұлттық банкке де хат жаздық. Бірақ ешқандай жауап жоқ.

Хабар 24 телеарнасы