427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кавасаки синдромына шалдыққан балалардың жағдайы айтылды

  • 223
  • UPD: 17:47, 18.09.2020
Кавасаки синдромына шалдыққан балалардың жағдайы айтылды

Қазақстанда Кавасакиге ұқсас синдроммен ауырған балалар саны қазіргі уақытта 35-ке жетті.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Соңғы жеті күннің ішінде бірде-бір баладан кавасаки синдромы анықталған жоқ. 35 баланың 31-і емделіп, үйлеріне қайтты. Қалған 4 бала емделіп жатыр», - деді.

Хабар 24 телеарнасы