427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ ел аумағында карантиндік шаралардың қашан күшейтілетінін айтты

  • 259
  • UPD: 19:40, 18.09.2020
ҚР ДСМ ел аумағында карантиндік шаралардың қашан күшейтілетінін айтты

Коронавирустың таралуы белең алып, қатаң карантин енгізілсе, Денсаулық сақтау министрлігі 70 мың стационарлық орын ұсынуға дайын.

Бұл туралы онлайн брифингте министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді. COVID-19 жұқтырғандар саны 30 мыңға жеткенде ғана ел аумағында карантиндік шаралар күшейтіледі. «Дегенмен, қазірдің өзінде ауруханалар қажетті құрал-жабдықпен қамтылған», - деді Бағдат Қожахметов.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Талдау нәтижелері елімізге өкпені жасанды желдету аппараттарының кемінде 50 мың данасы қажет екенін көрсетті. Іс жүзінде ауруханалар бұл құрылғылармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ оттегі концентраттарымен қамтылған. Бұл ауыр немесе өте ауыр жағдайдағы науқастарды емдеудің тиімді әдіс. 3500-ден астам мобильді бригада қойылды.

Хабар 24 телеарнасы