427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде коронавирусты қайта жұқтырған науқастар тіркелген жоқ

  • 126
  • UPD: 19:44, 18.09.2020
Елімізде коронавирусты қайта жұқтырған науқастар тіркелген жоқ

Елде коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелмеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл вирус әзір толық зерттелген жоқ. Сондықтан ешбір ел алдын ала болжам айта алмай отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады. Халық арасында айтыла бастаған азитромицин препараты COVID-19-дан емдеудің клиникалық хаттамасына енген жоқ. Бірақ мемлекеттік реестрде тіркелген 68 дәрі-дәрмектің құрамында азитромицин бар. Бұл медикамент ағзаға кері әсер еткен жағдайда адамның кеуде қуысы ауырып, жүрегі айниды. Сөйлеген кезде ентіге бастайды. «Бірақ Қазақстанда мұндай жағдай тіркелген жоқ», - дейді Бағдат Қожахметов.

Хабар 24 телеарнасы