427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Онкология мен COVID-19 қатар емделмейді – Қазақстанның бас онкологы

  • 213
  • UPD: 20:17, 18.09.2020
Онкология мен COVID-19 қатар емделмейді – Қазақстанның бас онкологы

Онкологиялық ауруы бар науқастарда коронавирус анықталса, химиотерапия, сәулелік терапия тоқтатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл халықаралық нормаларға сай процедураларды алуға қатаң тыйым салынады. Себебі аталмыш ем-дом науқастардың жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Онлайн брифингте еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, химиотерапиядан кейін адам әлсіз болады. Сондықтан коронавирус пен онкологияны қатар емдеу ағзаға күш түсіреді. Мұндай науқастар жұқпалы індеттен сауыққан кейін негізгі емін жалғастырады. Жалпы карантин басталғалы елімізде онкологиялық ауруы бар 2447 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 25-і көз жұмды.

Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы:

- Онкологиялық диспансерлер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты барлық емханаларда тегін скрининг өткізу жүріп жатыр. Тексерістен өту үшін  дәрігер қабылдауына алдын ала жазылу керек.

Хабар 24 телеарнасы