427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер ашылады

  • 199
  • UPD: 20:20, 18.09.2020
Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер ашылады

Алматыда ертеңнен бастап кезең-кезеңімен демалыс күнгі жәрмеңкелер ашылады.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай шешім қабылдауға эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы түрткі болған. Бірінші кезеңде «Қазақфильм» шағын ауданындағы Абай даңғылы мен Өтеген батыр және Гоголь мен Масаншы көшелерінің қиылысындағы жәрмеңкелер жұмысын қайта бастайды. Сатушылар мен келушілер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Қалған демалыс күнгі жәрмеңкелерді ашу жайы қосымша қаралады.

Хабар 24 телеарнасы