427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жаңа жоба аясында кәсіпкерлер кедергісіз жұмыс істей алады

  • 223
  • UPD: 22:33, 18.09.2020

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық кәсібін дөңгелетемін деген кәсіпкерлерге кедергі болатыны рас.

Енді Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыс департаменті олардың құқығын қорғауды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шілде айында Protecting Business and Investments аясында жалпы құны 4 млрд теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаға қолдау көрсету туралы келісім жасалды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен қолдау тауып отырған жобаның бірі – антисептикалық құралдарды шығаратын зауыт. Құны 20 млн теңге болатын жоба жүзеге асса, жылына 142 тонна кір жуу ұнтағы, 88 тонна сусабын және 313 тонна автокөлікке арналған сусабын мұнайлы өңірде өндірілмек. Қазір зауыттың құжаттары дайындалып, орналасатын жері анықталыпты.

Айсұлу Оразбаева, Magican ЖШС директоры:

- Шындықты айтатын, қиындықтың бәрін көрсетіп беретін жағдайға келіп жатырмыз. Қуаныштымын. Антикормен мемарандумға қол қойып, өзіме сенімді болып жатырмын. Қазір біздің құжаттарымыз тез жасалып жатыр. Жұмыстарым осыдан кейін тез болады деп есептеймін.

Жоба туралы өңірдегі кәсіпкерлерді толық ақпараттандыру мақсатында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жиын өткізді. Қазір облыс бойынша 18 инвестициялық жобаға қолдау көрсетіліп отыр.

Айдос Мамыт, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Бұл келісім барысында біз инвесторға не кәсіпкерле бір ғана талап қойлатын болады. Бұл өзінің бизнесін, өзінің кәсіпкерлігін таза, әділ, парасыз жүргізу. Біз көмектесетін қолдау барлық әкімшілік кедергілерді және мемлекеттік тарапынан қойылатын тосқауылдарды уақытылы және жедел түрде шешу.

Protecting Business and Investments жобасы аясында кәсіпкерлер кедергісіз қызмет атқара алады. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіп иелеріне мемлекеттік органдар тарапынан тосқауыл болмауын қатаң қадағалайды.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы