430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкіметте жұмыс орындарын сақтау мен жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды

  • 176
  • UPD: 23:33, 18.09.2020
Үкіметте жұмыс орындарын сақтау мен жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды

Қазіргі жағдайда жұмыс орындарын сақтау мен жалақыны уақытылы төлеу мәселесі өте өзекті.

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты Республикалық комиссияның отырысында осылай деді. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Үкімет пен кәсіподақтар арасындағы әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін Бас келісімнің жобасы қаралды. Вице-премьер жұмыс берушілер мен жұмысшылардың мүдделерін қорғайтын кәсіподақтардың осы бағыттағы баға жетпес үлесін ерекше атап өтті. Еңбек қатынастарын реттеу үшін әлеуметтік әріптестіктің маңызы зор екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы