432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да карантиндік шектеулер жеңілдетілді

  • 238
  • UPD: 11:13, 19.09.2020
СҚО-да карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Солтүстік Қазақстан облысында театрлар мен сауда және ойын-сауық орталықтарындағы тамақтану орындары ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ келушілер саны 50 адамнан аспауы шарт. Сонымен қатар маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау секілді санитарлық талаптар қатаң түрде орындалуы тиіс. Сенбі-жексенбі сұлулық салондары, шаштараз, жаттығу залдары мен тағы бірнеше нысан жұмыс істейді. Демалыс күндері ойын-сауық кешендерінде азық-түлік, дәріхана нүктелерінен басқасы жабық болады. Той, бата жиындарын жасауға бұрынғыдай тыйым салынған.

Әсет Жұматаев, қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

– Егер біз 30-50 адамға рұқсат етсек, ол талаптардың той, басқа да отбасылық іс-шараларға қатысы жоқ. Оған бұрынғыдай тыйым салынады. Бұл жерде түсіне кету керек, мейрамханаға 50 адамға дейін бір-бірін танымайтын, бір-бірімен араласпайтын адамдар бара алады. Немесе бір отбасыда тұратын адамдарға бірге түстенуге немесе кешкі ас ішуге болады.

Хабар 24 телеарнасы