432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада экологиялық акцияға қатысушылар 600-дей ағаш отырғызды

  • 245
Елордада экологиялық акцияға қатысушылар 600-дей ағаш отырғызды

Бүгін – бүкіләлемдік тазалық күні.

Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Әлемдік шараға биыл Қазақсан үшінші рет қатысып отыр. Елордада экологиялық акцияға қатысушылар триатлон паркінде 600 дей ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ қала аудандарында қоқыс қалдықтары тазаланады. Шараға волонтерлер, Сенат және Мәжіліс депуттары, Экология геология және табиғи ресурстар министрі мен елорда әкімі де қатысты. Басты мақсат қоршаған ортаны қорғауға бүкіл әлем жұртшылығын жұмылдыру дейді ұйымдастырушылар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Қала тұрғындарының қатысуымен бүгін бір жағынан саябақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазалап жатсақ, екінші жағынан ағаштар отырғызып жатырмыз. Бұл – Президент Жолдауында айтылған үлкен бастаманың тұсаукесері. Жалпы осы бағытта көп жұмыс жасалу керек. Бұл бағыттағы жұмысты депутаттар жалғастырады. Сонымен қатар біз осындай шараларға қатысып отырамыз. Жалпы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік органдардың ғана мақсаты емес, барлық азаматтың, қоғамымыздың, мемлекеттік органдардың күшін біріктірген кезде ғана нәтижелі болады.

Хабар 24 телеарнасы