427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда анатомиялық экспонаттар көрмесі өтіп жатыр

  • 225
Павлодарда анатомиялық экспонаттар көрмесі өтіп жатыр

Павлодарда сирек кездесетін экспонаттар көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда Санкт-Петербургтен әкелінген кунсткамера немесе «сирек кездесетін бөлме» музейінің 140-тан астам коллекциясы қойылған. Іргесі сонау 1719 жылы қаланған музейде адам анатомиясына қатысты түрлі материалдардың төлнұсқалары сақталыпты. Ананың жатырында жатқан баланың кем-кетігі, ішімдік пен шылымның кесірінен өзгеріске ұшыраған адам ағзалары секілді дүниелер бар. Ең жас экспонат 14 жасар нашақор қыздың жатырында пайда болған бақаға ұқсас шақалақ екен. Атап өтерлігі, мутация жануарлар әлемінде де кездеседі. Екі басты түлкі, бүркіт, күзен мен доңыздың өзгеріске ұшыраған түрлері – бұған дәлел. Мұндай ауытқушылыққа экологиялық апаттар себеп болуы ықтимал. Анатомиялық музейдің негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. Музей қызметкерлері ерекше жәдігерлер адамдарға ой салып, қоршаған ортаға, зиянды әдеттерге деген көзқарасты өзгертуге ықпал ететінін айтады.

Жеңісбек Қадырұлы, Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

– Көрмеде ананың жатырында жатқан баланың өсіп-жетілу процесі берілген. Жатырда жатқан балалардың коллекциялары қойылған. Осыны көру арқылы адамдарда қорқыныш пайда болады. Зиянды заттардың әсерінен осындай балалар тууы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы