432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

  • 235
  • UPD: 16:07, 19.09.2020
Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

Ақбидай-Өндіріс көшелерінің қиылысындағы қозғалыс уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Ақбидай – Өндіріс көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы 19 қыркүйек сағат 20:00-ден 20 қыркүйек сағат 8:00-ге дейін толығымен жабылады.

«Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасындағылар.

Хабар 24 телеарнасы