427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да құс құмауының ошағы табылған ауылда зарарсыздандыру жұмыстары басталды

  • 200
  • UPD: 19:59, 19.09.2020
СҚО-да құс құмауының ошағы табылған ауылда зарарсыздандыру жұмыстары басталды

Солтүстік Қазақстан облысында құс құмауының ошағы табылған Якорь ауылында зарарсыздандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда ветеринарлар үй-үйді аралап, өлген құстарды жинап жатыр. Кейін ол арнайы орында өртеледі. Өңірдегі жағдай уақыт өткен сайын ушығып барады. Мәселен бүгінгі күнге дейін жеті ауданда он мыңнан астам үй құсы қырылғаны анықталды. Осыған байланысты облыс әкімінің қаулысымен бірнеше ауданда карантин жарияланды. Алайда, кесел табылған елді мекендерде әлі күнге блок-бекеттер қойылған жоқ.

Наталья Кичигина, Якорь ауылының тұрғыны:

- Үй құстары қырылып қалмаса екен. Шекара да жабық. Ертең біз оны қайдан аламыз? Халық болса не істерін білмей дал. Кейбірі жаппай сойып жатыр. Қорқынышты, әрине.

Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы -министрінің орынбасары:

- Солтүстік Қазақстан облысына өзімізде шығарылған 873 мың вакцина жеткізілді. Енді сол препараттар аудандарға жөнелтіледі. Сәтін салса, вакцинациялау жұмыстары құс тұмауы табылған ауылдардан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы