427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда шекарашылар браконьерлердің жолын кесті

  • 280
  • UPD: 22:09, 19.09.2020
Атырауда шекарашылар браконьерлердің жолын кесті

Атырауда шекарашылар заңсыз балық аулаумен айналысқан браконьерлердің жолын кесті.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Қызмет барысында Исатай ауданы Амангелді елді мекені маңында еліміздің екі азаматы ұсталды. Шекара жасағы жүзу құралдарын тексеру кезінде салмағы 245 келі 64 дара бекіре тұқымдас балықты тапты. Мұндай балықтарды аулауға тыйым салынған. Сонымен қатар аулар орналасқан жерлерді оңай анықтайтын браконьерлік құралдар мен GPS навигаторлар қолға түсті. Шекарашылар үйлесе әрекет ету арқасында мемлекетке 100 миллион теңгеден асатын шығынның алдын алды. Қазір ұсталған адамдарға қатысты қылмыстық заңнама бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алынған балық аумақтық ішкі істер органдарына берілді.

Хабар 24 телеарнасы