427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Волонтерлер елорда тұрғындарына карантин ережелерін түсіндірді

  • 198
  • UPD: 22:38, 19.09.2020
Волонтерлер елорда тұрғындарына карантин ережелерін түсіндірді

Елорда тұрғындары мен қонақтарына карантин режимін сақтау және қоғамдық орындарда бетперде кию қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акция орталық саябақ пен ботаникалық бақта өтті. Іс-шара қала әкімдігі, полиция департаменті және волонтерлер штабымен бірлесіп ұйымдастырылған. Маскасы жоқ тұрғындарға қорғаныш құралы таратылып, вирустан сақтанудың маңыздылығы түсіндірілді. Азаматтардың жауапсыздығы тек өздеріне ғана емес, жақындарына да қауіп төндіретіні айтылды. Мемлекет басшысы Twitter-де көпшілік орындар мен қоғамдық көлікте маска киюдің маңыздылығын атап, санитарлық талаптарды сақтауға шақырған болатын.

Арайым Сапарәлі, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтері:

- Адамдар өздерінің өміріне ғана емес, өзгелердің өміріне де жауапты екенін түсіндіргіміз келеді. Тұрғындардың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу жұмыстары апта сайын тұрақты жүргізіліп отырады. Бастапқыда біз сауда ойын-сауық орталықтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрдік. Ал қазір көбіне саябақтар мен аялдамаларда түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы