429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында денсаулық сақтау нысандары жаңартылып жатыр

  • 257
  • UPD: 10:18, 20.09.2020
Алматы облысында денсаулық сақтау нысандары жаңартылып жатыр

Алматы облысында 4 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – облыстық перинаталдық орталық. Бұл мақсатқа бюджеттен бір жарым миллиард теңге бөлінген. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар. Өңірде ауыл-аймақтарға да көңіл бөлініп отыр. Мәселен қазір 5 ауылда медицина мекемесі жаңадан салынып жатыр. Келесі жылы 20 ауылдық амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын жүргізу көзделген.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазіргі мәселе дәрігерлерде. Жоғары оқу орындарынан дәрігерлер жіберіліп жатыр. Екі ірі медициналық колледждеріміз бар дайындайтын және басқа жоғары оқу орнының түлектері бізге келіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы