427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

  • 196
  • UPD: 12:55, 20.09.2020
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады.

«Құрметті алматылықтар! Биыл Қала күні сән-салтанатты түрде өтпейтін болып тұр. Барлық іс-шаралар онлайн өтеді. Пандемия бізге сақ болуды, санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңа толқынға дайын болуды үйретті», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында. Оның айтуынша, бұл кезең адамдарды жақындастырып, құндылықтарды өзгертіп, жақынымызға жанашыр, қамқор болуға үйретті.

«Қазіргі қалыптасқан жағдайда адамдар дәрігер мен ұстаздың, полиция мен әскери қызметкердің еңбегін бағалай бастады. Олардың алдында бас иеміз. Алматылықтар әдеттегідей, өздерінің ең жақсы қасиеттерін паш етіп, ерік-жігері мен төзімділігін, бірлігін көрсете білді. Қымбатты қала тұрғындары! Сіздерді Қала күнімен құттықтаймын! Әр отбасыға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Туған күніңмен, сүйікті қала», - деп жазды қала әкімі

Хабар 24 телеарнасы