427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ: Коронавирустан емделіп жатқандар арасында 104 науқастың жағдайы нашар

  • 198
  • UPD: 13:05, 20.09.2020
ҚР ДСМ: Коронавирустан емделіп жатқандар арасында 104 науқастың жағдайы нашар фото: АГН «Москва»

Қазақстанда осы кезде коронавирустық инфекциядан 3690 адам ем қабылдап жатыр.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасында хабарланды.

Емделіп жатқандардың арасында 40 сәби бар. Стационарларда 1900 науқас жатыр, 1790 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 104 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 11 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы