427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде әрбір ағашқа құжат рәсімделді

  • 187
  • UPD: 13:15, 20.09.2020
Ақтөбеде әрбір ағашқа құжат рәсімделді

Мамандар шаһар ішіндегі әрбір ағашты есептеп, арнайы дерек қорына енгізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәйкесінше, қаладағы барлық жасыл желектің құжаты рәсімделді. Электрондық жүйеде әрбіреуі туралы ақпарат толтырылған. Яғни, олардың түрі, отырғызылған жері, жасы мен құны бар. Мамандардың айтуынша, қысы қатты, жазы аптап ыстық болғандықтан, Ақтөбеде негізінен қарағаш жиі кездеседі. Бірақ тал-теректің өзге де түрлері аз емес. Мәселен емен мен қандыағаштың Қызыл кітапқа енгізілген түрлері де бар. Ұзын саны 60-тан асады. Есептеу жұмыстары тәмәмдалған соң дендрологтар «Ақтөбе ауа райына тез жерсінетін ағаш түрлерінің тізімін жасаймыз», деп отыр. Болашақта жасыл-желек отырғызу жұмыстары білікті мамандардың ақыл-кеңесіне сай жүргізілуі тиіс.

Жанболат Қалмұханбет, есеп жүргізуші компания директоры:

- Есепке алу тәмәмдалған соң жергілікті әкімшілік жасыл-желекті әрдайым бақылап отыратын ақпараттық порталға қол жеткізеді. Қай жерге ағаш отырғызып, қай жерде кесу керектігі белгілі болады. Суару мен санитарлық өңдеу туралы да тиісті нұсқаулықтар жасалады.

Хабар 24 телеарнасы