428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік көп балалы ана отбасы құндылығын насихаттап жүр

  • 160
  • UPD: 15:52, 20.09.2020

Бірлігі жарасқан отбасына бақыт қонады.

Бұл жанұя құндылығын жас отбасыларға насихаттап жүрген ақтөбелік Бибігүл Әбілдаеваның басты ұраны. Жолдасымен бірге жеті бала тәрбиелеп өсірген батыр ана, бүгінде игі ісімен де көпке үлгі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі он жылда мыңға жуық жұптың жанұясын сақтап қалуға үлес қосты. Отбасы мен неке институтын дамытуда сәтті қызмет атқарып жүрген қамқор жанмен арна тілшілеріміз кездесіп қайтты.

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

- Сайлаубек пен Бибігүл Әбілдаевтар отбасын көпшілік бақыт қонған шаңырақ деп санайды. Себебі, бұл жанұяда ұлттық болмысқа сай саналы ұрпақ өсіру, салт-дәстүрді бала бойына жастайынан сіңіру секілді асыл құндылықтар басты орында. Ал, отанасының қазіргі қызметі қазіргі қоғам мен ұлт болашағы үшін де зор мәнге ие. Дәм-тұзы жараспай жүрген жас жұбайлардың жанұясын сақтап қалуға елеулі үлес қосып жүр. Сот органдарына «ажырасамыз» деп барып, арыз тастаған жұптармен кездесіп, оларды қайта табыстыруда. Тек биылдың өзінде 500-ге жуық жасты қосқан.

Бибігүл Әбілдаева, «Алтын алқа» иегері:

- Біз қазіргі заманда аналарды дайындауымыз керек. Дүниеге келген кезде баланы Алла Тағала бізге аманат қылып береді. Біздің қазіргі жастарымыз 4-5 бала туып, дүниеге алып келіп, бірақ өзін әлі ана сезінбей жүрген жастарды күнде көріп жүрмін. Аналар күні әрине, үлкен мереке болуы керек.

Бибігүл Әбдңшүкірқызының негізгі мамандығы – педагог. Ұзақ жылдар бойы балабақшада қызмет етіп, кейін медиаторлық кәсіпті меңгерген. Дегенмен, ұрпақ тәрбиелеу ісінен алыстай қойған жоқ. Дарынды балаларға арналған оқыту орталығына жиі барып, бүлдіршіндері ілім-білімге үйретуде. Бас қосып, шаңырақ көтерген жұптарға да батасын беріп, ізгі тілектерін арнап келеді. Оның мұндай игі ісін көпшілік құрмет тұтуда.

Әсел Ілиясова, көршісі:

- Көп балалы ана ретінде, әйел ретінде, өзімізге алатын бойындағы қасиеті көп. Баланы қандай үйірмеге беру керек екенін де айтып отырады. Баланың бойынан қандай қасиет табу керек, жолдасымен қандай қарым-қатынас болуы керек? Оны да айтып отырады.

Отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі, сондықтан оның мығым болғаны абзал деп білетін Бибігүл Әбілдаева қыз-келіншектерге де арнап семинарлар өткізіп тұрады. Бүгінде жолдасымен бірге немере сүйіп, бақытты ата-әже атанып отыр. Көпке үлгі болған бұл шаңырақ «Мерейлі отбасы» байқауына да қатысып, жүлделі орын алған.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы