432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында соңғы бес жылда төрт балалар үйі жабылды

  • 170
  • UPD: 21:10, 20.09.2020

Өйткені сәбиді жетімдер үйінің босағасында телміртпей, қамқорлыққа алатындар көбейген.

Қазір бұл аймақта ата-анасыз қалған 1500-ден астам жеткіншектің 88% мейірімді жандардың қолында. Дегенмен, бұл, жетімдер мәселесі шешілді дегенді білдірмейді. Үлкен өмірге қадам басқан жастардың алдынан талай қиындық шығады.

Өңірде бірнеше балалар үйі қысқарғанымен, аймақта тағы осындай 4 мекеме қалып отыр. Оларда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200-ге жуық бала тәрбиеленуде. Облыс орталығында өткен жиында сала мамандары мен әлеуметтік мекемелердің басшылары жастайынан жетім өсіп келе жатқан жандарды қоғамға бейімдеу мәселесін талқылады. Бірі: «Оларды спорт пен білімге құштар етіп өсіру керек», – десе, енді бірі: «Қолөнер мен еңбекке баулу қажет», – дейді.

Юлия Алдажарова, Урюпинка ауылындағы мектеп-интернат арнайы кешенінің директоры

– Бізде балалар ағаш өңдеу ісін, пішу және тігін өнерін меңгеріп жатыр. Сондай-ақ мекемеде әлеуметтік-тұрмыстық бағыттау кабинеті бар. Онда тәрбиеленушілер қарапайым өмірде қажетті дүниелерді үйренеді. Бізден шығып, колледж оқып, өзімізге қайта келген балалар да бар. Қазір сондай 3 түлегіміз қатарымызда қызмет етіп жүр.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері тамақтан және басқа да қажеттіліктерден кем боп жатқан жоқ. «Басты мәселе – олардың ертең ортаға сіңісіп кетуіне барынша жағдай жасау», – дейді мамандар. Яғни өз күнін өзі көре алатындай дәрежеге жеткізу. Ал ол үшін қолда бар мүмкіндіктердің бәрін қолдану қажет. Патриоттық тәрбиені де ұмытпаған жөн.

Ботагөз Дүйсенова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетіліп жатыр. Ең бастысы, осы балаларға тәрбие мәселесін ерекше назарда ұстау керек. Дұрыс тәрбие беру қажет. Барлығы мемлекеттің қарауындағы мекеме болғаннан кейін мемлекеттік тілде оқыту мәселесін қарастыру басты орында тұр.

Ал балалар үйінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басқан жасөспірімдер үшін ең басты проблемалардың бірі – баспаналы болу. Өкінішке қарай, сандар көңіл көншітпейді. Соңғы бес жылдың ішінде небәрі 300 балаға пәтер берілген. Ал кезекте әлі осы санаттағы 4 мыңнан астам адам тұр.

Тимур Хамзин, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары

– Мұның барлығы үйдің салынуына байланысты. Баспаналар пайдалануға көбірек берілсе, жетімдерге де көп үлестіріледі. Заң бойынша әр тапсырылған үйдің 20% ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға берілуі тиіс. Осы талап қазір орындалып жатыр.

«Кәмелет жасқа толып, балалар үйінен кеткеннен кейін де қамкөңіл жандар қамқорлықтан кем болмайды», – дейді олардың басы-қасында жүргендер. Айталық, жұмыс таба алмай сеңделіп, өмірден өз орнын таппай қиналса, 23 жасқа дейінгі жастар орталығында уақытша тұра алады. Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде бала асырап алу көрсеткіші жақсарып келеді. Қазірдің өзінде Ақмола облысында 28 адам отбасыларының жаңа мүшелерін қабылдауға дайындалып жүр. Ойға алған істері жүзеге асып жатса, мемлекет те оларды қолдау мақсатында 200 мың теңгеге жуық бір реттік төлемақы, ата-аналардың әрқайсысына 50 мың теңгеден еңбекақы және әр балаға ай сайын 26 мың теңгеден жәрдемақы төлейді. Ең бастысы, жетім балалар жыламаса болды.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Өйткені сәбиді жетімдер үйінің босағасында телміртпей, қамқорлыққа алатындар көбейген. Қазір бұл аймақта ата-анасыз қалған 1500-ден астам жеткіншектің 88% мейірімді жандардың қолында. Дегенмен, бұл, жетімдер мәселесі шешілді дегенді білдірмейді. Үлкен өмірге қадам басқан жастардың алдынан талай қиындық шығады.

Өңірде бірнеше балалар үйі қысқарғанымен, аймақта тағы осындай 4 мекеме қалып отыр. Оларда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200-ге жуық бала тәрбиеленуде. Облыс орталығында өткен жиында сала мамандары мен әлеуметтік мекемелердің басшылары жастайынан жетім өсіп келе жатқан жандарды қоғамға бейімдеу мәселесін талқылады. Бірі: «Оларды спорт пен білімге құштар етіп өсіру керек», – десе, енді бірі: «Қолөнер мен еңбекке баулу қажет», – дейді.

Юлия Алдажарова, Урюпинка ауылындағы мектеп-интернат арнайы кешенінің директоры

– Бізде балалар ағаш өңдеу ісін, пішу және тігін өнерін меңгеріп жатыр. Сондай-ақ мекемеде әлеуметтік-тұрмыстық бағыттау кабинеті бар. Онда тәрбиеленушілер қарапайым өмірде қажетті дүниелерді үйренеді. Бізден шығып, колледж оқып, өзімізге қайта келген балалар да бар. Қазір сондай 3 түлегіміз қатарымызда қызмет етіп жүр.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері тамақтан және басқа да қажеттіліктерден кем боп жатқан жоқ. «Басты мәселе – олардың ертең ортаға сіңісіп кетуіне барынша жағдай жасау», – дейді мамандар. Яғни өз күнін өзі көре алатындай дәрежеге жеткізу. Ал ол үшін қолда бар мүмкіндіктердің бәрін қолдану қажет. Патриоттық тәрбиені де ұмытпаған жөн.

Ботагөз Дүйсенова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетіліп жатыр. Ең бастысы, осы балаларға тәрбие мәселесін ерекше назарда ұстау керек. Дұрыс тәрбие беру қажет. Барлығы мемлекеттің қарауындағы мекеме болғаннан кейін мемлекеттік тілде оқыту мәселесін қарастыру басты орында тұр.

Ал балалар үйінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басқан жасөспірімдер үшін ең басты проблемалардың бірі – баспаналы болу. Өкінішке қарай, сандар көңіл көншітпейді. Соңғы бес жылдың ішінде небәрі 300 балаға пәтер берілген. Ал кезекте әлі осы санаттағы 4 мыңнан астам адам тұр.

Тимур Хамзин, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары

– Мұның барлығы үйдің салынуына байланысты. Баспаналар пайдалануға көбірек берілсе, жетімдерге де көп үлестіріледі. Заң бойынша әр тапсырылған үйдің 20% ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға берілуі тиіс. Осы талап қазір орындалып жатыр.

«Кәмелет жасқа толып, балалар үйінен кеткеннен кейін де қамкөңіл жандар қамқорлықтан кем болмайды», – дейді олардың басы-қасында жүргендер. Айталық, жұмыс таба алмай сеңделіп, өмірден өз орнын таппай қиналса, 23 жасқа дейінгі жастар орталығында уақытша тұра алады. Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде бала асырап алу көрсеткіші жақсарып келеді. Қазірдің өзінде Ақмола облысында 28 адам отбасыларының жаңа мүшелерін қабылдауға дайындалып жүр. Ойға алған істері жүзеге асып жатса, мемлекет те оларды қолдау мақсатында 200 мың теңгеге жуық бір реттік төлемақы, ата-аналардың әрқайсысына 50 мың теңгеден еңбекақы және әр балаға ай сайын 26 мың теңгеден жәрдемақы төлейді. Ең бастысы, жетім балалар жыламаса болды.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы