432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысы 8 айда шетелге 776 тонна ет өнімін экспорттаған

  • 193
  • UPD: 08:13, 21.09.2020
Ақтөбе облысы 8 айда шетелге 776 тонна ет өнімін экспорттаған

Негізгі тұтынушы – Қытай мемлекеті. Шығысқа 375 тонна ет жөнелтілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде мал басының көбейгені байқалады. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл төрт-түлік саны 6 процентке өскен. Сәйкесінше экспорттық әлеуеттің де артып отырғандығы ақиқат. Қазір өңірде құны 280 миллиард теңге болатын 30 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Бірінші кезекте тұтынушыға дайын тауар ұсынатын өңдеуші кешендерге көңіл бөлініп отыр. Мәселен, жылына 120 миллион дана тауық жұмыртқасын беруге қауқарлы фабрика мен 30 тонна ет өндіретін құс комбинатының құрылысы жүріп жатыр.

Құсайын Сәрсембай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі:

- Жалпы, малдың өсімі 8 айдың қорытындысы бойынша 6,6 процентті құрап отыр. Енді асыл тұқымды малдың үлесі, мүйізді ірі-қарада бүгінгі күнге 7,7 процент, ұсақ малда 12,6 процент, жылқыда 19,8 процент. Жыл аяғына дейін мүйізді ірі-қара 8,7 процентке жетуі керек, ұсақ мал 13,1 процентке, жылқы 20 процентке жетеді деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы