432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түлкібастық бағбандар алма жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізбек

  • 207
  • UPD: 08:12, 21.09.2020
Түлкібастық бағбандар алма жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізбек

Олар екі жарым мың гектар қарқынды баудан 30 мың тонна алма жинауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеміс ағаштарының әр түбі орташа есеппен 30-дан 50 келіге дейін өнім береді. Мәселен, мына қарқынды бау 2013 жылы құрылған. Алғашында 30 гектармен бастапты. Қазір алма бау көлемі 190 гектарға жеткен. Шаруалар әзірге ішкі нарықты қамтып отыр. Серіктестіктің сыйымдылығы 2 мың тонна болатын өз қоймасы бар. Онда өнім голландиялық тәсілмен сақталады. Әрі қойма алманы іріктейтін Франциядан әкелінген жаңа технолгиямен жабдықталған. Ол өнімнің түсі мен көлеміне қарай бөліп, реттеп отырады. Жалпы Түлкібас ауданында 9 мың тонна өнім сақтайтын осындай 6 қойма бар. Бұдан бөлек, серіктестікте мемлекеттің қолдауымен арнайы оқу орны ашылған. Жұмысқа келген кезкелген адам алдымен 3 айлық курстан өтіп, ағашты қалай баптау керектігін үйренеді. Шетелден мамандар келіп, тәжірибе алмасып отырады.

Бақыт Құрманбеков, шаруашылық басшысы:

– Қазақстанның алма өнімін өндіру бойынша мүмкіндігі өте жоғары. Былтыр бізде консультант Польшаның азаматы екі апта жүрді. Ол: «Сіздердің жерлеріңіз, табиғи жағдайларыңыз алма өсіруге өте керемет, бірақ маман аз» деді. Осы нәрсені ұқыптап, тиянақты жолға қоятын болсақ, біз Еуропаны алмамен қамтып отырған Польша сияқты Азия елдерін алмамен қамтуға мүмкіншілігіміз толық бар деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы