428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да құс тұмауы өршіп барады

  • 165
  • UPD: 13:04, 21.09.2020

Бүгінгі күнге дейін өңірде 11 мыңнан астам үй құсы қырылып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда адамға жұғу фактісі тіркелген жоқ.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Қазір біз Қызылжар ауданына қарасты Якорь ауылында тұрмыз. Аталған елді мекен облыс орталығынан небәрі 10 шақырымдай жерде ғана орналасқан. Мұндағы ауыл халқы негізінен құс өсірумен айналысады.

Өткен аптадан бері тұрғындар үрейлі. Себебі осы жерден құс тұмауының ошағы табылды. Яғни құстар қазір мыңдап қырылып жатыр. Демалыс күндері залалсыздандыру жұмыстары басталды. Яғни ветеринарлар арнайы ерітінді сеуіп өлекселерді жинауды бастады. Енді ол арнайы орында өртелетін болады. Аталған жағдайға байланысты облыс әкімінің қаулысымен әзірге 11 елді мекенде карантин жарияланды. Бүгіннен бастап тағы алтауын жабылмақ. Дегенмен ауылдарға кіріп-шығу әлі шектелген жоқ. Яғни блок-бекеттер орнатылмады. Көліктер қазір емін-еркін қатынап жүр.

Евгений Твердохлебов, Якорь ауылының тұрғыны:

– Құстар өліп жатыр. Жүздеп, тіпті мыңдап қырылып қалды. Оның үстіне халық етті қайда өткізерлерін білмей дал. Әзірге ауыл карантинге жабылған жоқ. Ешқандай бекет те қойылмады. Көліктерді де тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Өткен аптада жағдайды бақылау үшін өңірге ауыл шаруашылығы министрілігінің өкілдері келді. Солтүстік Қазақстанға 873 мың доза вакцина әкелінген екен. Және ол отандық. Атарда жасалынған. Енді сәтін салса, вакцинациялау жұмыстары құс тұмауы табылған ауылдардан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізілетін болады. Жалпы Солтүстік Қазақстанда 5 құс фабрикасы бар. Солардың 3-і осы Якорь ауылында орналасқан. Әзірге онда не болып жатқаны белгісіз. Жергілікті тұрғындардың мәліметше, қызметкерлер уақытша демалысқа жіберген. Ал Бескөл ауылындағы құс фабрикасында тұмаудың ошағы табылған.

Хабар 24 телеарнасы