428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ең көп сатылған көлік түрлері аталды

  • 192
  • UPD: 14:41, 21.09.2020
Қазақстанда ең көп сатылған көлік түрлері аталды kolesa.kz

Жыл басынан бері Қазақстанда 45 мың автомобиль шығарылды. Олардың 5 мыңға жуығы Ресей, Беларусь және Өзбекстанға экспортқа жіберілді.

Тамыз айында отандық автодилерлер жалпы сомасы 94,4 млрд теңгеге 8 639 жеңіл автокөлік пен коммерциялық техниканы, сондай-ақ 1 112 жүк көлігі мен автобус сатты. Бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 49,8% көп.

Барлық сатылымдардың 67%-тен астамын бес түрлі марка құрайды. Бұл айда жеңіл автомобильдердің ішінде Hyundai маркалы көліктер ең көп сатылып, 1697-ге жетті. Бұл биылғы шілде айымен салыстырғанда 37,1% көп. Екінші орында 1642 көрсеткішпен Lada автокөлігі тұр. Нарыққа наурызда оралған Chevrolet автокөліктерінің тамызда 1279-ы сатылып, 258% өсім көрсетті. Төртінші орында – 1173 данасы сатылған Toyota автокөлігі. Өсім +38% құрады.

B сыныпты қолжетімді локализацияланған үлгілеріне сұраныс бұрынғысынша артып келеді. Тамызда осы сегменттің бір бөлігін алатын Қостанайда құрастырылған Ravon автомобильдерінің 817 данасы сатылды. Алтыншы орында тұрған Kia көліктерінің 587-сі өткен айда сатылды. JAC дилерлері 408 автомобиль сатты. (+148,8%). Тамыз айында сегізінші орынға Volkswagen автомобильдері жайғасты. 281 данасы сатылып, +24,3% өсім көрсетті. Алғашқы ондықты түйіндейтін Nissan және Renault маркалары тиісінше 247 және 215 бірлікті құрап, 22,3% және 18,1% артқан.

Жеңіл модельдер бойынша тамызда 730 бірлігі сатылған Ravon Nexia R3 седан көш бастап тұр. Екінші орынға алғаш рет Chevrolet Cobalt шықты – 675 седан. Тамыздың үздік үштігін 608 автомобиль нәтижесімен Lada Vesta түйіндеді. Төртінші орында – Hyundai Accent (553 бірлік). Бұдан әрі тізім бойынша: Toyota Camry (486 бірлік), Lada Granta (460 бірлік), Hyundai Tucson (422 бірлік), Kia Rio (343 бірлік), Hyundai Creta (330 бірлік), Lada 4x4 (299 бірлік).

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы