427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда адам саудасы бойынша 50-ден астам қылмыс анықталды

  • 169
  • UPD: 13:45, 21.09.2020
Қазақстанда адам саудасы бойынша 50-ден астам қылмыс анықталды

Өткен аптада жүргізілген үшкүндік «STOP трафик» жедел алдын алу шарасының нәтижесі осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде бір жағдай кәмелетке толмағандар ісі бойынша, екі жағдай ересек адамдарды саудалауға қатысты, 3 жағдай қара жұмыс пен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу бойынша, 6 жағдай жезөкшелікпен айналысуға итермелеу және 41 жағдайда жеңгетайлық пен тән саудалау қызметіне жасырын бөлме арнау деректері бар. Сонымен қатар 184 жағдай алымсақтық пен қайыр сұрау бойынша әшкереленді. Елдегі статистикаға карантин тәртібі оң немесе теріс әсер етті деп те айтуға келмейді. Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың айтуынша, аталған қылмыстар бойынша әр жылы шамамен 180 жағдай тіркеледі. Құрбандардың 10 проценті – шетел азаматы.

Думан Таев, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы:

– Адам саудасына және оған ілеспе қылмыстар үшін Қылмыстық Кодекстің 8-бабына жауапкершілік көзделген. Практика көрсетіп отқандай, адам саудасына байланысты қылмыстар карантин уақытында да тіркелді. Анықталған қылмыстар күрт өсті немесе түсті деп айта алмаймыз.

1 мың 200 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында

Биыл адам саудалаған 26 қылмыскер жауапқа тартылды. 1 мың 200 адам іздеуде жүр. Оның 22-сі – бала. Көбі тұрмысы төмен отбасынан шыққандар. Осыған байланысты полиция азаматтарды төлқұжатына мұқият болу керек екенін ескертеді. Зардап шеккендер мен куәгерлер 116-16 сенім телефоны арқылы психологиялық көмек ала алады. Ер азаматтар көп жағдайда ұзақмерзімді жұмыс сапары кезінде алданса, әйелдер спирттік ішімдік ішіп жапа шегеді дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы