428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жемқорлыққа күдіктілер енді электронды құрылғы арқылы бақыланады

  • 146
  • UPD: 15:27, 21.09.2020
Жемқорлыққа күдіктілер енді электронды құрылғы арқылы бақыланады

Жемқорлыққа байланысты тергеуге алынғандарға бұдан былай электронды бақылау құралы тағылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот үкімі шыққанша күдіктілердің қашып кетпеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай амал қолданбақ. Адамның жүріс-тұрысын, жүрген бағытын жіті бақылайтын құрылғы сынақтан сәтті өткен. Қарағандыдағы күдіктілердің біріне тағылған құрал адам денсаулығына зиян келтірмейтінін дәлелдеді. Бүгін аяққа тағылатын электронды гаджеттің таныстырылымы өтті. Мәлім болғандай, күдіктінің белгіленген радиустан ұзап кеткенін құрал бірден дабыл қағып, орталық диспетчерге жеткізеді.

Аслан Құсайынов, ҚР СЖҚІҚА төрағасының көмекшісі:

– Бақылауға алынған адам дыбыстық белгіні ести сала үйге қайтып келуге немесе білезікті қайта тағып диспетчерге хабарласуға міндетті. Адамға ыңғайлы болуы үшін баруына рұқсат берілетін жерлер мынадай смартфонда көрсетіледі. Қазір ол агенттіктің ғимаратын көрсетіп тұр.

Отандық компания құрастырған әрбір модульдің құны 50 мың теңге шамасында. Агенттік мамандарының айтуынша, электронды құралдар күдіктіні бақылауға кететін шығындарды анағұрлым азайтуға мүмкіндік береді. Әзірге 10 құрал сатып алынған.

Хабар 24 телеарнасы