432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бұрынғы вице-министр 500 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

  • 183
  • UPD: 15:31, 21.09.2020
Бұрынғы вице-министр 500 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Биыл сегіз айда бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономикалық тергеу қызметі мен Бас прокуратура бірлесіп, мемлекеттік сатып алу кезінде белгісіз жолмен жеңіске жеткен 90-нан астам фирманы анықтады. Қазір оларға қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдікке ілініп қамауға алынғандардың бірі – Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы вице-министрі Олжас Әбішев. Ол саланы цифрландыруға жұмсалған қаржыдан 500 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген.

Жанат Элиманов, ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің төрағасы:

– Ол мемлекеттік тапсырыс арқылы берілген жұмыс толық орындалмағанын біле тұра, оларды қабылдау актісіне қол қойған. Сонымен қатар жұмыс ақысының толық сомасын төлеуге рұқсат берген. Ал қабылданған ақпараттық жүйе мүлде жұмыс істемейді. Осы іске қатысты министрліктің мемлекет қаржысын тиімді жаратуына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы