427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан аумағына құс тұмауының қайдан келгені белгілі болды

  • 556
  • UPD: 16:04, 21.09.2020
Қазақстан аумағына құс тұмауының қайдан келгені белгілі болды

Құс тұмауы алғашында су айдындарына қонатын жабайы құстардан анықталды.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ОКҚ брифингінде айтты.

«Солтүстік Қазақстан және басқа өңірлерде құс тұмауы алғашында су айдындарына қонатын жабайы құстардан анықталды. Сәйкесінше, ол су айдындарында үй құстары да болады. Осылайша, инфекция тараған. Аурудың таралу аймағына қарап, жабайы құстардың Ресей Федерациясынан оңтүстікке ұшатынын, жолдан Қазақстандағы су айдындарына да қонатынын айтуға болады», - деді.

Айта кетсек, СҚО-ның 17 ауылында құс тұмауы тіркелді.

Ақмола облысындағы тағы үш өңірде құс тұмауының белгілері анықталды.

Хабар 24 телеарнасы