427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биылғы 8 айда теміржолмен 267 млн тонна жүк тасымалданды

  • 171
  • UPD: 15:47, 21.09.2020
Биылғы 8 айда теміржолмен 267 млн тонна жүк тасымалданды ҚР ИИДМ

Биыл жыл басынан бері елімізде теміржол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін бар.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылы осы кезеңде аталған көрсеткіш 263 млн тонна болса, биылғы 8 айда 267 млн тоннаға жетіп, 1,5% өсім болды. Бұған Экономикалық өсімі қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде уақтылы қабылданған шаралар ықпал етті.

Атап айтқанда, жүк жөнелтушілер үшін жүктерді сақтау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталды.

Бұдан басқа, төтенше жағдай кезінде және амалсыз бос тұрған уақытта жолаушыларды тасымалдаушыларды қолдауға кеткен шығындарды субсидиялау және еңбекақы төлеу қорына қатысты шаралар қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы