Теміртауда санитарлық талаптарды сақтамаған 80-ге жуық нысан анықталып, оларға 8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жалпы алғанда қалада 865 мекеме мобильді топтың назарына алынған. Айта кеткен жөн, санитарлық талаптарды сақтамағандар әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабының бірінші бөліміне сәйкес жазаланады. Айыппұл көлемі жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш болса, орта және шағын кәсіп өкілдеріне 230, ал ірі бизнеске 1 мың 600 айлық есептік көрсеткішке дейін барады. Алдағы уақытта да осындай тосын тексерістер жалғасады.
Әйгерім Балапанова, Теміртау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің СБББ басшысы:
– Теміртау қаласында қазір екі мобильді топ бар. Талапты сақтамағандардың басым көбі маска тақпағандар мен антисептиктердің болмауы. 80 нысанның 10-шақтысының ісі қазір әкімшілік сотқа жолданды. Теміртау қаласында қатаң карантиндік талап ұзақ уақытқа созылғаны мәлім. Сондықтан барлық нысанда әлі де бақылау жүргізіледі.