428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында іздеуде жүрген 16 қылмыскер табылды

  • 173
  • UPD: 16:58, 21.09.2020
Павлодар облысында іздеуде жүрген 16 қылмыскер табылды

16-17 қыркүйек аралығында Павлодар өңірінің аумағында республикадан тыс жерлерде жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыруға бағытталған «Іздестіру» шарасы өткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Нәтижесінде 16 қылмыскер іздестіріліп, табылды. Хабар-ошарсыз кеткен үш азаматтың мекенжайы анықталды.

Мәселен, Тереңкөл ауылында есірткі заттарын заңсыз өндіргені, таратып, өткізгені үшін іздестіріліп жатқан Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматы ұсталды. Ол ата-анасының үйіне жасырынған. Сондай-ақ Аққулы ауданының Корт ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 37 жастағы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

Павлодарда Ресей Федерациясының 36 жастағы азаматшасының мекенжайы анықталды. Ол 2018 жылы Ресей Федерациясының Новосібір облысы Орда ауданы Верх-Ирмен ауылындағы үйінен шығып кеткен және осы уақытқа дейін қайда екендігі белгісіз болған. Қызды анасы іздестірген еді. Қазіргі уақытта оның Павлодар қаласында азаматтық жұбайымен тұрып жатқаны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы