429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаны әшкереледі

  • 190
  • UPD: 18:03, 21.09.2020
Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаны әшкереледі informnapalm.org

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаны әшкереледі.

Жаңа ақпараттық ресурс жұмыс істегелі бергі 2 ай ішінде 91 жалған хабарламаның теріске шығарылуы жарияланды, ал 37 тақырып бойынша түсініктемелер берілді. Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың, бұрмаланған мәліметтердің басым бөлігі медицина тақырыбы мен әлеуметтік медиаалаяқтықпен байланысты болды.

Stopfake.kz жобасының өзі желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және шатасулар мен түсінбеушіліктердің деңгейін төмендету, сонымен қатар оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын еске салу үшін жасалды.

Бұған дейін елімізде ақпараттардың шын-жалғанын анықтайтын сайт іске қосылғанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы