430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы құс фабрикасы сақтық шараларын күшейтті

  • 185
  • UPD: 22:40, 21.09.2020

Өндіріс аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар құстардың жағдайы мен өнімдердің сапасын жіті назарда ұстап отыр. Фабрикада «Индустрияландыру картасы» аясында тақауда жаңа цех іске қосылған. Мұнда жылына 18 млн дана жұмыртқа өндіруге болады. Өндіріс қуаты артқандықтан, сырттан әкелінетін тауарлар көлемі де ұлғаятыны белгілі. Өндірілген ет пен жұмыртқалар да арнайы зертханада тексеріледі.

Тимур Жұмагамбетов, құс фабрикасының атқарушы директоры:

- Өнімдердің сапасын ұдайы бақылауда ұстап отырмыз. Фабрикаға келген әрбір адам мен көліктер санитарлық бекеттерде тексеріледі. Техникалық жабдықтар зарарсыздандырылады. Мұнда әкелінетін тауарлар ол жақтан тексерілгенімен, қауіпсіздік үшін бұл жерде тағы да тексерістен өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы