428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстаннан Қырғызстанға жолаушы ұшақтар қайта қатынай бастады

  • 146
  • UPD: 01:26, 22.09.2020
Қазақстаннан Қырғызстанға жолаушы ұшақтар қайта қатынай бастады

Қос елдің Сыртқы істер министрлері таяуда өткізген келіссөздерері барысында осындай келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус пандемиясына байланасты ұзақ үзілістен кейін алғашқы рейс Алматы-Бішкек бағдарында ұшып шықты. Алғашқы кезде екі ел арасында ұшақтар аптасына екі рет, сәрсенбі мен жексенбі күндері қатынайды. Эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін рейстер саны да жиілейді.

Әлия Құрбанова, «Манас халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз хатшысы:

- Қазақстан тарапы және әуекомпаниялардың талабы бойынша жолаушылардың қолдарында мерзімі үш күннен аспайтын ПТР сараптаманың нәтижесі болуы керек. Әзірге тек Алматыға қатынайтын болдық. Бірақ Қазақстан, Қырғызстан және жалпы бүкіл әлемде эпидемиологиялық ахуал жақсарады деген үміттеміз. Бұрынғыдай Бішкектен Нұр-Сұлтанға қатынаймыз. Өйткені бұл қала алыс болғандықтан, ұшақпен барғысы келетіндер көп.

Хабар 24 телеарнасы