428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері жанданады

  • 94
  • UPD: 01:36, 22.09.2020
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері жанданады

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе байланысы қайта жанданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге аттанатын алғашқы рейс 23 қыркүйекке жоспарланған. Дәл сол күні жолаушылар елге де орала алады. Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты. Әзірге Ресей мен Қазақстан арасында әуе көліктері аптасына бір рет ұшады. Эпидемиологиялық ахуал жақсарған сайын рейстер де көбейеді.

Еске салайық, өткен аптада Алматы әуежайынан жолаушылар Өзбекстан мен Қырғызстанға ұша бастады. Ескеретін жайт, аталған мемлекеттерге ұшатын азаматтар коронавирусқа тест тапсыруға тиіс.

Сәдуақас Байғабылов, ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Екінші санатқа жататын мемлекеттерге ұшатын және ұшып келетін жолаушыларға қатысты сауалнама жүргізіліп, дене қызуы өлшенеді. Сондай-ақ, олар коронавирусқа сынама тапсырғанын растайтын анықтама көрсетуі тиіс. олай болмаған жағдайда жолаушыларға 48 сағаттың ішінде ПТР тест тапсыруды міндеттейтін анықтама беріледі. Бұдан соң бұл азаматтар 14 күндік үй карантиніне жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы