432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі Ахмер ауылы ауызсудан тарығып отыр

  • 134
  • UPD: 09:16, 22.09.2020
Өскемендегі Ахмер ауылы ауызсудан тарығып отыр

Өскеменнің іргесіндегі Ахмер ауылындағы 3,5 мыңға жуық тұрғын талай жыл қатарынан ауызсу тапшылығын тартып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселе ықшамаудан бой көтергелі бері айтылып келе жатыр. Алайда шешілер түрі жоқ. Әкімдіктің уәдесіне сенген жұрт әр жылды тіршілік нәрін сарғая күтумен өткізуде. Күзде азын-аулақ көкөніс алармыз деп еккен бақшалары жаз бойы суға жарымай қурап кетті. Тұрғындардың сөзінше су құбырын тарту жұмыстарының жүріп жатқанына осымен төртінші жылға аяқ басыпты. Алайда басталған құрылыс бір тоқтап, бір жалғасып, сылбыр атқарылған. Қазір барлық шаруа біткенге ұқсайды. Алайда ауызсу берілмеген. Ішерге су таппай, көрінген құдыққа телмірген халық шарасыз күй кешуде.

Ришат Жылқыдайдаров, Ахмер ауылының тұрғыны:

- Қыс келе жатыр. Бала-шаға бар. Су бір-ақ үйде бар. Сол бағанадан бәріміз сол үйден аламыз. Ыңғайсыз. Көшеден тасығанша, әркім өз үйінен ашып ішкені жақсы ғой.

Бұл мәселені біздің сол өңірдегі тілшілеріміз назарға алып, мән-жайын анықтап жатыр. Алдағы жаңалықтар шығарылымында толығырақ баяндайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы