428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда ашылған инклюзивті кабинет толық жабдықталмаған

  • 172
  • UPD: 09:16, 22.09.2020
Ақтауда ашылған инклюзивті кабинет толық жабдықталмаған

Ақтаудағы №17 мектепте ерекше балалар үшін инклюзивті кабинет ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда ата-аналардың қуанышы ұзаққа бармады. Оқу процесі басталғанымен, кабинет мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құралдармен жабдықталмапты. 10 бала оқуы тиіс сыныпта төрт қабырғадан басқа ештеңе болмаған. Ата-аналардың өтініші бойынша бұл іске жергілікті волонтерлер көмекке келді. Бірнеше күннің ішінде олар 250 мың теңге жинаған. Ол қаржыға арнайы жасалған парталар, тақта, компьютер мен ауызсу кулеры сатып алынды. Кабинетте ойын бұрышы да жасалды. Ал мектеп пен білім бөлімінің басшылығы құрал-жабдығы жоқ кабинетті неге ашқанын, алдын ала неге қамданбағанын алдағы уақытта жауапты азаматтардан біліп, хабарлайтын боламыз. 

Максим Кенжеев, «Aktau-SOS» қайырымдылық жобасының негізін қалаушы:

– Мен бұл сұрақты кураторларға қойып едім. «Бізге тек сыныпты ғана берді», – деді. Ерекше балаларға ашылған кабинет болған соң олардың білім алуына жағдай жасалу қажет емес пе? Жомарт жандардан қаржы жинау әлі де жалғасуда. Әлі де кабинетке қажетті заттар бар. Балалар бөлмесін жабдықтауымыз керек. 

Хабар 24 телеарнасы