428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікелей қосылым: құс тұмауы тарады

  • 157
  • UPD: 12:12, 22.09.2020

Бірақ бұл сан бүгін өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ветеринарлар қазір аудандардан соңғы тәуліктің мәліметін сұратып жатыр. Әзірге құс тұмауының ошағы біреу ғана: Жарқайың ауданындағы Шойындыкөл ауылы. Қазір онда шектеу шаралары енгізілген. Елді мекенде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы топ та келді. Ал ауру белгілері көрші Атбасар, Астрахан және Егіндікөл аудандарында да тіркеліп отыр. Кеше өлген құстардан қан алынып, елордаға сараптамалық зертханаға жіберілді. Оның қорытындысы апта соңына дейін дайын болуы тиіс. Сонымен қатар ауруды одан әрі таратпау үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне 500 мың вакцина мөлшеріне тапсырыс берілді. Олар ертең түседі деп күтіледі. Содан кейін екпе жұмыстары басталады. Дегенмен, тұрғындарға да сақтық шараларын күшейту керек. Мамандар үй құстарын жабық жерде ұстауға кеңес береді. Өйткені вирус ұшып-қонып жүрген жабайы құстардан жұғады. Ал адамға зияны жоқ.

«Дегенмен, құс өнімдеріне мұқият болған жөн», – дейді мамандар. Айтпақшы, шығынға батқан шаруаларға өтемақы төленеді.

Қазір ветеринарлармен хабарласып, мән-жайды нақтылаймыз. Ол туралы келесі жаңалықтарда айтып береміз.

Хабар 24 телеарнасы