428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікелей қосылым: тағы бір құс фабрикасында қанаттылар қырылды

  • 165
  • UPD: 12:07, 22.09.2020

Өңірде құс тұмауы өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті індет қарапайым халықты ғана емес, кәсіпкерлерді де тығырыққа тіреп жатыр. Кешегі күні Бескөл құс фабрикасында 41 мыңнан астам қанаттының қырылғанын айтқан едік. Енді, міне, Якорь ауылында орналасқан «Алекри фирмасы» серіктестігінде де осындай жағдай тіркеліп отыр. Әзірге аталған дерек бойынша ресми түрде ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен, құс фабрикасының директоры бұл ақпаратты растады. Біз оны телефон арқылы жазып алдық.

Александр Прядко, құс фабрикасының директоры:

– Бізді бұл індет айналып өтеді ме деп ойладық. Өкінішке қарай, олай болмады. Сондықтан 180 мың құсты ұйықтату туралы шешімге келдік. Яғни кешендегі желдеткішті сөндіріп тастадық. Енді, сәтін салса, тек екпе жасатылған құстарды ғана әкелмек ойымыз бар. Кейін оларды қайтадан екі мәрте вакцинациялаймыз. Осылайша қанаттылардың иммунитетін жақсартатын боламыз.

Қазір өңірге республикалық індетке қарсы арнайы жасақ өкілдері жетті. Шұғыл штаб жұмыс істеп тұр. Қырылып қалған құстардың иелеріне өтемақы төленеді. Ол үшін комиссия да құрылды. Ал мамандар үй құсын қамауда ұстап, сыртқа шығармау керектігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы