427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанша қазақстандық шетел түрмелерінде жазасын өтеп жатыр

  • 236
  • UPD: 10:00, 22.09.2020
Қанша қазақстандық шетел түрмелерінде жазасын өтеп жатыр

Қазір қанша қазақстандықтың шетел түрмелерінде жазасын өтеп жатқаны және қанша сотталушы Қазақстанға қайтарылғаны туралы айтылды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

СІМ Консулдық қызмет департаментінің мәліметінше, осы жылдың басындағы жағдай бойынша шетелдік түзету мекемелерінде шамамен 820 қазақстандық бар.

Қазақстандықтардың көбінің Ресей түрмелерінде отырғаны белгілі болды – 566 адам.

ТМД-ның басқа елдерінде 174 сотталған қазақстандық болса, Еуропа мен Америкада 50 қазақстандық бар. Азияда, Таяу және Орта Шығыс елдерінде 30 қазақстандық жазасын өтеп жатьыр.

Сонымен қатар Бас прокуратураның ресми деректеріне сүйенсек, 2019 жылы жазасын одан әрі өтеу үшін шет мемлекеттерден Қазақстанға 14 қазақстандық ауыстырылған.

Хабар 24 телеарнасы