432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл 18,2 млн тонна астық жиналды

  • 195
  • UPD: 11:44, 22.09.2020
Биыл 18,2 млн тонна астық жиналды

Биыл егін жинау науқаны ерте аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір астықтың 93,4% жиналды. Әр гектардан орташа түсім 12,3 центнерден болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. 18,2 млн тонна астық бастырылса, оның 8 млн тоннаға жуығы экспортқа шығарылады. Қалғаны елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Министрдің айтуынша, биылғы астық сапасы жаман емес. Астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған бидайдың 84%-ке жуығы 1-3 санатқа жатады. Былтыр бұл көрсеткіш 70%-ке де жетпеген еді. Оның себебі: биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49%-ке артып, шаруалар сапалы тұқым алған. Елімізде астық сақтайтын орындардың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн тоннаны құрайды. Енді жергілікті әкімдер элеваторлардың астықты уақытында қабылдауына бақылау жүргізіп, алтын дәннің ысырап болмауын қадағалауы тиіс.Үкімет басшысы бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласын дамытып, экспорттың әлеуеттін арттыру бойынша жол картасын әзірлуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы