429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тұтынушы құқығы толық қорғалмай отыр

  • 192
  • UPD: 11:44, 22.09.2020
Елімізде тұтынушы құқығы толық қорғалмай отыр

Елімізде тұтынушылардан түсетін арыз-шағым азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың құқығын қорғайтын комитетке жыл басынан бері 8 мыңға жуық арыз түскен. Сотқа дейін жеткен іс көп. Әсіресе тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық пен бөлшек сауда мен медициналық қызмет көрсету саласында кемшілік бар. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Жалпы елімізде тұтынушылардың құқығын қорғаумен айналысатын 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Енді министрлік оларды ірілендіру арқылы салалық негізде нығайтуды жоспарлайды. Министрдің айтуынша, тұтынушылардан түскен шағымдар мен өтініштерді қабылдау әлі күнге дейін қолмен басқарылады. Сәйкесінше мемлекеттік органдардың іс-әрекетін бақылау да мүмкін емес. Салдарынан нақты статистика бұрмаланып, ақпаратта қате өріп жүреді. Осы және өзге де мәселелер «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» заңға енгізілген түзетулер арқылы шешілмек. Үкімет басшысы министрлікке тұтынушы құқығын қорғаудың біртұтас жүйесін жасап, тиісті іс-шараны қарашаның 1-іне дейін енгізуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы